Дзюдо

Айдын Смағұлов: Дзюдошылар құрама дәрігерінің қатаң бақылауында

Айдын Смағұлов: Дзюдошылар құрама дәрігерінің қатаң бақылауында
news-banner7
mobile-news-top

Коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда карантин режимі шілде айының соңына дейін ұзартылды. Қазіргі таңда барлық спортшылар үйлерінде сақтық жараларын сақтануда.

Дзюдодан Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері Айдын Смағұловтың айтуынша, спортшылар бапкерлер құрамы мен команда дәрігерінің қатаң бақылауында.

«Бүгінде дзюдошылар үйлерінде, ата-аналарының қасынды. Күн сайын құраманың дәрігері қатаң бақылауда ұстап, халдерін сұрап отыр. Спортшылардың күнделікті дене қызуын қадағалап, әрқайссының жеке бапкерімен тығыз байланыста.

Осы орайда, құраманың дәрігеріне алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Қазірге оқу-жаттығу жиындары тоқтатылғанмен, спортшылар үйде қауіпсіздік шарасын сақтай отыра, үй жағдайында дайындықтарын жалғастыруда», - дейді бас бапкер Айдын Смағұлов.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер