Әлем футболы

Снейдер мансабын қайта жалғастырады

Снейдер мансабын қайта жалғастырады
news-banner7
mobile-news-top

Нидерланд құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Уэсли Снейдер ойыншы мансабын жалғастыруды ойластырып отыр.

RTV Utrecht басылымының мәліметінше, 36 жастағы футболшы Голландияның бесінші дивизионында бақ сынайтын DHSC әуесқойлар командасының сапында жаттығуды бастайды. Снейдер бабына келген соң Нидерланд Жоғары дивизионындағы «Утрехт» командасымен келіссөз жүргізеді деп күтілуде.

Айта кетейік, Уэсли Снейдер мансабын 2019 жылы жазда аяқтаған. Мансабында «Аякс», «Реал», «Интер», «Галатасарай», «Ницца», «Аль-Гара» командаларында өнер көрсеткен.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер