Басқа

Григорий Ким: Әлемдік федерация 15 шілдеден соң жарыс кестесін қайта қарайды

Григорий Ким: Әлемдік федерация 15 шілдеден соң жарыс кестесін қайта қарайды
news-banner7
mobile-news-top

Садақ атудан Қазақстан командасының бас бапкері Григорий Ким спортшылардың қазіргі жағдайы мен алдағы жарыс кестесіне тоқталды.

- 5 шілдеге дейін, яғни, қайтадан карантин жарияланғанша садақ атудан Қазақстан командасы Шымкент қаласында жаттыққан болатын.

Елімізге карантин енгізілген соң, әр аймақ спортшылары онлайн жаттығу жиынына кірісті. Ал садақ атудан Қазақстан ерлер командасы Талдықорған қаласындағы интернат жанында дайындалды.

Әзірге, халықаралық жарыстар туралы ақпарат жоқ. Халықаралық садақ ату федерациясы 15 шілдеден соң жарыс кестесін жаңартатынын мәлімдеді. Әлемдік ұйымның шешімін күтеміз, - дейді бас бапкер.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер