Әлем футболы

«Ливерпуль» ойыншысы «Зенитке» ауысады

«Ливерпуль» ойыншысы «Зенитке» ауысады
news-banner7
mobile-news-top

«Зенит» футбол клубы «Ливерпуль» қорғаушысы Деян Ловренді қатарға қосуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Шетелдік ақпарат құралдарының жазуынша, хорватиялық қорғаушы биыл жазда «Ливерпульмен» келісімшартын бұзып, еркін агент атануы мүмкін. Содан кейін ресейлік команданың жейдесін киеді.

Айта кетейік, Ловре «Ливерпульге» 2014 жылы «Саутгемптоннан» 25,3 миллион еуроға ауысып келген. 31 жастағы қорғаушы содан бері «Ливерпуль» сапында 185 ойынға қатысып, 8 гол соқты.

Сонымен қатар ол 2018 жылы Хорватия құрамасымен біргге әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер