Бокс

«Таңғалдыра аламыз деп үміттенемін». «Канелоның» промоутері Головкинмен үшінші жекпе-жек туралы

«Таңғалдыра аламыз деп үміттенемін». «Канелоның» промоутері Головкинмен үшінші жекпе-жек туралы
news-banner7
mobile-news-top

Мексикалық Сауль Альварестің шаруасымен айналысатын Golden Boy компаниясының президенті Эрик Гомес клиентінің қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы ықтимал үшінші жекпе-жегі туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sky Sports басылымына сілтеме жасап.

«Головкинге қарсы үшінші жекпе-жек өткізу мүмкіндігі туралы сөйлестік. Канело үшінші жекпе-жекті қабылдауға дайын. Бұл кездесуді келесі жылы өткізіп, бәрін таңғалдыра аламыз деп үміттенемін.

Қазір екі боксшы да жекпе-жектердің табысты болғанын түсінеді. Қаржылық тұрғыда да олар үшін үшінші жекпе-жек қызығырақ. Фанаттар да қалап жүр», – деді Гомес.

Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек келесі жылы мамырдың басында, мексикалық «Синко де Майо» мерекесі алдында өтуі ықтимал.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер