Грек-рим күресі

Грек-рим. Әлем чемпионы Нұржан Нұрбеков шеберлік сабағын өткізе бастады

Грек-рим. Әлем чемпионы Нұржан Нұрбеков шеберлік сабағын өткізе бастады
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұржан Нұрбеков шеберлік сабағын өткізуді қолға алды. Ол әлеуметтік желіде онлайн режимінде жалпы дене дайындығын қалай дұрыс жасау керек екендігін көрсетіп отырады,-деп жазды Prosport.kzтілшісі

Нұржан Нұрбеков Алматы облысының тумасы. Қазір өзі тұратын Жаркент қаласында дайындалып жатыр. Білікті спортшы алдымен дене қыздырып, бұлшық етті шыңдайтын бірқатар жаттығуларды орындайды. Артынша кермеге тартылып, кір тасын көтерді. Бұл әдістерді уақытымен жасаған адам үнемі спорттық бабында болады,- дейді маман.

НҰРЖАН НҰРБЕКОВ, ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ:«9 жасымнан бастап күреспен әуестендім. 14 жасымда Қазақстан чемпионы болдым. Одан соң Бүкілодақтық турнирде жеңімпаз танадым. Бірақ, 90 жылдары қолдау болмай спорттан қол үзіп қалдым. 2008 ж. үлкен спортқа қайта оралдым. 8 жылдан кейін нағыз бабыма келдім. Яғни, 2016ж . бастап, жақсы нәтижелер көрсете бастадым. Бұл әрине тынымсыз еңбекпен шыдамдылықтың арқасы. Қазір карантинге баланысты білгенімді халықпенде бөліскенді жөн көрдім.»

Сонымен қатар ол шеберлік сабағын бейне таспаға жазып,әлеуметтік желідегі парақшасына салады. Мұндағы мақсаты шалғайдағы ауыл-аймақ тұрғындарының да дайындықты тамашалауына мүмкіндік беру.

НҰРЖАН НҰРБЕКОВ, ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ:«Қазір 46-50 жастағылар арасында 62 келі салмақта әлемдік рейтингте топ басында тұрмын. Бұл нұл нәтижені сақтау өте қиын. Себебі, барлық бәсекелесім маған қарсы дайындалады. Сол үшін бабымды жоғалтпауым керек. Осыған байланысты 1 күнді де жаттығусыз өткізбеуге тырысам. Қандай жағдай болмасын.»

Айта кетейік, Нұржан Нұрбеков осыдан 3 жыл бұрын ардагерлер арасында Болгарияда өткен әлем біріншілігінде жеңімпаз атанды. 2018-ші жылы Ресейдің Перм қаласында күміспен күптелді. Енді, келер жылы Грекияның Лакатуки қаласында жалауын желбірететін дүниежүзілік додаға қатысуды жоспарлап отыр. Басты мақсат ол жақтан да алтын медальмен оралу.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер