Бокс

Головкин - Альварес жекпе-жегі 2021 жылы өте ме

Головкин - Альварес жекпе-жегі 2021 жылы өте ме
news-banner7
mobile-news-top

Мексикалық боксшы Сауль Альварес Геннадий Головкинге екінші рет қарымта қайтаруға мүмкіндік бермек. Бұл туралы Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз Головкинмен үшінші кездесу туралы әңгімелестік, бұл кездесу өте қызықты болады. «Канело» өзінің жанкүйерлеріне осындай жекпе-жекті тамашалауға мүмкіндік бергісі келеді. Біз бәрін таң қалдырамыз және кездесуді келесі жылы ұйымдастырамыз деп сенемін.

Олардың екеуі де алғашқы екі жекпе-жектің сәтті өткенін түсінеді. Үшінші жекпе-жек қаржылық жағынан оларға пайдалы болар еді. Екеуі де ынтымақтастықпен жұмыс істеуді қалайды», - деді Гомес.

Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жек соңғысының даулы жеңісімен аяқталды. Екінші жекпе-жекте «Канело» тағы да төрешілер шешімімен қарсыласынан басым түсті.

Биыл Головкин IBF титулын қорғауы керек. Ал Альварес күзде жұдырықтасу үшін қарсылас іздеп жүр. Үміткерлердің арасында украиналық Сергей Деревянченко да бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер