Әлем футболы

32 жастағы Бензема Примерада адам нанғысыз рекорд жасады

32 жастағы Бензема Примерада адам нанғысыз рекорд жасады
news-banner7
mobile-news-top

Мадридтік «Реал» шабуылшысы Кәрім Бензема ешкім асыра орната алмайтын, алайда қайталауға болатын рекорд авторы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

32 жастағы француз Примера тарихында күнтізбелік жылдың барлық айында гол соққан және нәтижелі пас берген алғашқы ойыншы болып отыр.

Еске сала кетелік, Бензема кеше «Алавеске» қарсы матчта (2:0) гол соғып, нәтижелі пас берді.

Оның бұл жетістігін «Барселона» капитаны Лионель Месси қайталауы мүмкін. Аргентиналық 12 айдың 11 айында Испания чемпионатында гол соғып, ассистент атанған. Оған әзірге шілде айында гол соғып, нәтижелі пас беру керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер