Басқа

Шетелдік БАҚ: Қазақстандық гимнасшы Алина Әділханова – аса талантты спортшы

Шетелдік БАҚ: Қазақстандық гимнасшы Алина Әділханова – аса талантты спортшы
news-banner7
mobile-news-top

–Индонезиялық Okezone.com сайты 18 жасар қазақстандық гимнасшы қыз Алина Әділханованың спорттағы тамаша жетістігіне таңданыс білдірді.

«Қазақстанда аса қабілетті және талантты спортшылар аз емес. Солардың бірі – Алина Әділханова. Оның сымбатты денесі әлемдік спорт жанкүйерлерінің назарын аударды. Әдемілігімен қатар ол көркем гимнастикада керемет жетістіктерді бағындырды. Өзінің балауса шағында спортшы қыз өте жоғары биіктерге қол жеткізді», делінген хабарламада.

Айта кетер болсақ, Әділханова Азияның төрт дүркін чемпионы (2017, 2018), командалық көпсайыста Азиада чемпионы (2018). Сондай-ақ халықаралық спорт шебері атағына ие.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер