Гвардиола өз командасының алдағы маусымда Чемпиондар лигасына қатысатынына сенімді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Манчестер Ситидің» бас бапкері Пеп Гвардиола команданың келесі маусымда Чемпиондар лигасында өнер көрсететініне сенімді.
«Әр маусымның мақсаты - Чемпиондар лигасында ойнау.
Мен клубтың алдағы маусымда үздік турнирге қатысатынына сенімдімін. Бірақ қорытынды шешімді күтуіміз керек. Осыдан кейін мен өз пікірімді айтамын. Немесе клуб мәлімдеме жасайды », - деді Гвардиола Manchester Evening News газетіне берген сұхбатында.