Әлем футболы

ӘЧ-2022. Оңтүстік Америкадағы іріктеу кезеңінің басталуы қазан айына ауыстырылды

ӘЧ-2022. Оңтүстік Америкадағы іріктеу кезеңінің басталуы қазан айына ауыстырылды
news-banner7
mobile-news-top

FIFA Оңтүстік Америкада Әлем кубогы іріктеу кезеңінің басталуын қыркүйектен қазанға ауыстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сондай-ақ, Оңтүстік Америка футбол конфедерациясы (CONMEBOL) FIFA-дан 2021 жылдың қаңтар айында да матчтар өткізуді сұрап отыр. Сонда ғана іріктеу кезеңі 2022 жылдың наурыз айында аяқталады. Бұл мәселе Халықаралық футбол федерациясының келесі отырысында қаралады.

Әлемдік чемпионаттың 2022 жылғы финалдық турнирі 21 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер