Қысқы

Шорт-тректен әлем чемпионы 27 жасында көз жұмды

Шорт-тректен әлем чемпионы 27 жасында көз жұмды
news-banner7
mobile-news-top

Францияның Перпиньян қаласындағы ауруханалардың бірінде 27 жасында нидерландиялық шорт-трекші Лаура ван Рейвен қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нидерланд құрамасының мүшесі Францияның Пиреней қаласындағы оқу-жаттығу жиынында 25 маусымда өзін нашар сезінген. Медициналық тексеріс кезінде спортшының жағдайы ауыр екені анықталған. 29 маусымда ол комаға түсіп, кеше 10 шілде күні көз жұмды.

Лаура ван Равен 2019 жылы Софияда өткен шорт-тректен әлем чемпионатында 500 метр қашықтықта алтын медаль жеңіп алды. Пхенчхандағы 2018 жылғы Олимпиада ойындарында 3000 метрлік эстафетада қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ, Ван Равен 3000 метрлік эстафетада Еуропаның үш дүркін чемпионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер