Хоккей

Скабелка Беларусьте үздік бапкер атанды

Скабелка Беларусьте үздік бапкер атанды
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» командасының экс-жаттықтырушысы Андрей Скабелка елдің хоккей федерациясының нұсқасы бойынша 2019/20 маусымда Беларусьтің үздік бапкері деп танылды, деп хабарлайды Prosports.kz Sport24 сайтына сілтеме жасап.

Скабелка 153 ұпай жинап, Шахтерден Юрий Файковты (54) және Александр Макрицкидің (Юность, 50) алдын орап кетті.

Өткен маусымда 49 жастағы маман «Барыспен» Чернышев дивизионын жеңіп, Гагарин кубогының ширек финалына шықты.

Еске салайық, Скабелка қазір «Локомотивті» баптайды.

Фото: «Барыс» ХК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер