Әлем футболы

Бундеслига үздіктері белгілі болды

Бундеслига үздіктері белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Sky Germany мәліметінше, Германия футбол одағы Бундеслига маусымындағы номинациялар бойынша жеңімпаздарды жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

“Бавария” шабуылшысы Роберт Левандовски 40,2% дауыспен чемпионаттың үздік ойыншысы деп танылды. Екінші орынға дортмундтық “Боруссиясының” жартылай қорғаушысы Джадон Санчо (13.9), үшінші орынға Левандовскидің құрдасы - жартылай қорғаушы Йозуа Киммих (7.2) жайғасты.

“Бавария” жаттықтырушысы Ханс-Дитер Фликтің үздік бапкер атанды, оған 58,2% дауыс берілді.

Мюнхен клубының тағы бір өкілі - 19 жастағы жартылай қорғаушы Альфонсо Дэвис Бундеслигадағы жаңа есім номинациясында үздік шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер