Левандовски - Германия чемпионатының үздік ойыншысы
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Бавария» клубының шабуылшысы Роберт Левандовски Германия ойыншылар одағының (VDV) нұсқасы бойынша Бундеслиганың осы маусымдағы үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дауыс берушілердің 40,2%-ы Левандовскиді қолдаған. Ал екінші, үшініш орынға дортмундтық «Боруссияның» жартылай қорғаушысы Джейдон Сончо (13,9%) мен «Бавария» ойыншысы Йозуа Киммих (7,2%) жайғасты.
Сондай-ақ, «Баварияның» қорғаушысы Альфонсо Дэвис айқын басымдылықпен (45,9%) Бундеслиганың ең үздік жас ойыншы (жыл жаңалығы) атанды. Ал үздік бапкер атағын «Бавария» жаттықтырушысы Ханс-Дитер Флик (58,2%) иеленді.
Сондай-ақ, 2019/20 жылғы Бундеслиганың үздіктер құрамы (символикалық) жарияланды: Роберт Левандовски («Бавария»), Джейдон Санчо («Боруссия» Д), Йозуа Киммих («Бавария»), Эрлинг Холанд («Боруссия» Д) и Альфонсо Дэвис («Бавария»), Мануэль Нойер («Бавария»), Давид Алаба («Бавария»), Матс Хуммельс («Боруссия» Д), Ашраф Хакими («Боруссия» Д), Кай Хаверц («Байер») және Тимо Вернер («РБ Лейпциг»).