Әлем футболы

Левандовски - Германия чемпионатының үздік ойыншысы

Левандовски - Германия чемпионатының үздік ойыншысы
news-banner7
mobile-news-top

«Бавария» клубының шабуылшысы Роберт Левандовски Германия ойыншылар одағының (VDV) нұсқасы бойынша Бундеслиганың осы маусымдағы үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дауыс берушілердің 40,2%-ы Левандовскиді қолдаған. Ал екінші, үшініш орынға дортмундтық «Боруссияның» жартылай қорғаушысы Джейдон Сончо (13,9%) мен «Бавария» ойыншысы Йозуа Киммих (7,2%) жайғасты.

Сондай-ақ, «Баварияның» қорғаушысы Альфонсо Дэвис айқын басымдылықпен (45,9%) Бундеслиганың ең үздік жас ойыншы (жыл жаңалығы) атанды. Ал үздік бапкер атағын «Бавария» жаттықтырушысы Ханс-Дитер Флик (58,2%) иеленді.

Сондай-ақ, 2019/20 жылғы Бундеслиганың үздіктер құрамы (символикалық) жарияланды: Роберт Левандовски («Бавария»), Джейдон Санчо («Боруссия» Д), Йозуа Киммих («Бавария»), Эрлинг Холанд («Боруссия» Д) и Альфонсо Дэвис («Бавария»), Мануэль Нойер («Бавария»), Давид Алаба («Бавария»), Матс Хуммельс («Боруссия» Д), Ашраф Хакими («Боруссия» Д), Кай Хаверц («Байер») және Тимо Вернер («РБ Лейпциг»).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер