Бокс

Алматы облысының жас боксшылары тауда дайындалып жатыр

Алматы облысының жас боксшылары тауда дайындалып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Жетісулық жас былғары қолғап шеберлерінің бір тобы теңіз деңгейінен 1200 метр биіктікте орналасқан Текелі қаласы маңында жаттығуын өткізіп жатыр. Олардың қатарында еліміздің бірнеше мәрте жеңімпаздары, Азия чемпиондарымен халықарлық жарыстардың жүлдергері бар. Басты мақсат күз айында өтетін республикалық біріншілікте топ жару,-деп жазады Prosport-kz тілшісі.

Боксшылар алдымен міндетті медициналық тексеруден өтеді. Артынша тау жолымен 1 жарым шақырымға жүгіреді. Одансоң дене қыздыру жаттығуларын жасайды. Бұл спортшылардың тұрақты дайындық кестесі.

Темірлан Ахметов

Темірлан Ахметов

ТЕМІРЛАН АХМЕТОВ, БОКСТАН СПОРТ ШЕБЕРІ:

«-Қазір физикаға жұмыс істеп жатырмыз. кунде жүгіріп, секіріп, кермеге тартылып,іштің иықтың жаттығуларын орындап жатырмыз. Менің мақсатым Қазақстан чемпионатында жеңімпаз болып, халықаралық турнирлерге бағымды сынау. Онда жай ғана қатысып қайтпай, елміздің туын биікте желбіретіп, гимнін ойнату»

Қазақстан біріншілігі күз айларының біріне жоспарланған. Әзірге еліміздің қай қаласында өтері белгісіз. Әйтсе де,боксшылар спорттық бабын жоғалтпауы тиіс,- дейді бапкерлер.

Нұрлан Тәжібаев

Нұрлан Тәжібаев

НҰРЛАН ТӘЖІБАЕВ, БОКСТАН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

«-Біз жаттығуды үзген жоқпыз.Наурыз-мамыр айында спортшылар үйде жаттықты. Онлайн жүйесі бойынша балаларың жұмысы қадағалап отырдық. Маусым айы бойы далада дайындалық. Карантинге байланысты кеңейтілген жалпы оқу-жаттығу жиыны болған жоқ. Дегенмен спортшылар қазір 40-50 пайыз бабына келіп қалды»

Індетке байланысты спортшылар шағын топтарға бөлініп кезегімен дайындалады. Жаттығу барысында да ара-қашықтық, барлық қауіпсіздік ережесі қатаң сақталады.

ДАРЫН ҚҰЛЖАБАЕВ, БОКСТАН СПОРТ ШЕБЕРІ:

«-Бокспен айналысып жүргеніме 7 жыл болды. Осы уақытта мен 30дан аса медаль жинадым. Оның екеуі күміс, екеуі қола. Қалғаны алтын. Қазір мен соққымды күшейтіп, жылдамдыққа жұмыс істеп жатырмыз.»

Бұл күшейтілген режимдегі дайындық емес. Тек спорттық деңгейді қалпына келтіруге мүмкіндік беретін жаттығулар,- дейді мамандар. Карантин алынып, ел біріншілігінің өтер күні нақы белгіленген сәтте, арнайы дайындыққа көшетін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер