Әлем футболы

Италия А сериясы: «Интер» тағы сүрінді (бейнешолу)

Италия А сериясы: «Интер» тағы сүрінді (бейнешолу)
news-banner7
mobile-news-top

Маусым барысында «Ювентусты» тақтан тайдыруға дәмелі болған «Интер» кезекті матчта ұпай жоғалтып, төртінші орынға сырғыды.

Италия чемпионатының 31-туры аясында Антонио Конте шәкірттері «Веронаға» қонаққа барды. Матч 2:2 есебімен аяқталды. Миландықтар 86-минутта ғана таразы басын теңестіре алды.

Екінші ойын қатарынан үш ұпай олжалай алмаған «Интер» 65 ұпайымен төртінші орынға түсіп қалды. Чемпионат қайта жанданғаннан кейін қарсыластарын жайпап келе жатқан «Аталанта» Конте командасын бір ұпайға озып, үшінші сатыға көтерілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер