Әлем футболы

«Реалдың» бұрынғы бапкері «Бетисті» жаттықтырады

«Реалдың» бұрынғы бапкері «Бетисті» жаттықтырады
news-banner7
mobile-news-top

Чилилік маман Мануэль Пеллегрини «Бетис» футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп жазады Prosports.kz.

Испаниялық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 54 жастағы маманмен келісімшарт 2023 жылдың жазына дейін жасалған.

Пеллегрини жаттықтырған соңғы клуб «Вест Хэм Юнайтед» болатын. Англиялық клубтың бас бапкері қызметінен ол өткен жылдың желтоқсан айында босатылды.

Ал оған дейін Мануэль «Манчестер Сити», «Реал Мадрид», «Вильярреал», «Малага», «Ривер Плейт» сынды танымал командаларды жаттықтырған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер