Әлем футболы

«Монако» қорғаушысы «Лейпцигке» ауысты

«Монако» қорғаушысы «Лейпцигке» ауысты
news-banner7
mobile-news-top

«РБ Лейпциг» футбол клубы «Монако» қорғаушысы Беньямин Хенриксті қатарға қосты, деп жазады Prosports.kz.

Германиялық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Хенриксті 2020/21 жылғы маусымының соңына дейін жалға алды. Сондай-ақ, келісімшартта 15 миллион еуроға сатып алуға құқығы қарастырылған.

Айта кетейік, 23 жастағы қорғаушы «Монакоға» 2018 жылдың жазында «Байерден» 20 миллион еуроға ауысып келді. Содан бері 44 матчқа қатысты. Сонымен қатар, қорғаушы Германия құрамасы сапында үш ойын өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер