ММА

Жұмағұлов  UFC 251 турниріне қалай дайындалып жатқанын айтты

Жұмағұлов  UFC 251 турниріне қалай дайындалып жатқанын айтты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов «Вестник ММА» Youtube-арнасына сұхбат беріп, UFC-дегі дебюттік кездесуі алдындағы жаттығу жұмыстары қалай өтіп жатқанын айтты, деп жазады Prosports.kz.

Аталған сұхбатында Жұмағұлов америкалық промоушеннің бәсекелестерінен ерекшеліктері жайлы және алдағы кездесуі жайлы, жекпе-жекке дайындық барысы туралы әңгімеледі.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов 12 шілдеде UFC 251 турнирінде өнер көрсетеді. Жұмағұлов аталған кеште 24 жастағы бразилиялық файтер Раулиан Пайвамен жұдырықтасады. Жұмағұлов-Пайва жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақытымен 05:00-де өтеді. Жекпе-жек кешін Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Бұл кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта UFC чемпионы Камару Усман мен Гилберто Бернс жұдырықтасады. Бұл кездесу елорда уақытымен сағат 08:00-де басталады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер