Әлем футболы

Қазақстанда туған ойыншы Словакия кубогын жеңіп алды

Қазақстанда туған ойыншы Словакия кубогын жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Словакия кубогының финалында братиславалық «Слован» футбол клубы «Ружомберок» командасын 1:0 есебімен жеңіп, кубок иегері атанды.

«Слован» (Братислава, Словакия) - «Ружомберок» (Ружомберок, Словакия) - 1:0

Гол соққан: Ален Озбольт 48

Айта кетерлігі, «Слован» сапында Қазақстан тумасы Юрий Медведев өнер көрсетті.

Отандық ақпарат құралдарының жазуынша, 24 жастағы қорғаушы Ақтөбе облысында дүниеге келген, бірақ ертеде ол ата-анасымен бірге Чехияның Пльзень қаласына көшкен. Чехияның жасөспірімдер мен жастар құрамаларына шақырылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер