ММА

UFC 251. Жасұлан Әкімжан: Жалғас Жұмағұловтың жеңіске жететініне сенімдімін

UFC 251. Жасұлан Әкімжан: Жалғас
 Жұмағұловтың жеңіске жететініне сенімдімін
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі дебюті туралы және өзінің октагонға қашан оралатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Жасұлан, келесі жекпе-жегіңді қашан жоспарлап отырсың?

- Әзірге жаңалық жоқ, бірақ жаттығуды жалғастырамын. Тамыз-қыркүйек айларында оралуды жоспарлап отырмыз. Барлығы карантинге байланысты болады. Мен барлық шектеулер жойылғанша күтемін, бірақ жайдан жай салмақ тастағым келмейді. Егер Қазақстанда тамыз немесе қыркүйек айларында турнир өтетін болса, Құдай қаласа, сегіздікке ораламын.

- Жақында Жалғас Жұмағұлов UFC құрамасында дебют жасайды. Оның бразилиялық қарсыласы Раулиан Пайвамен жекпе-жегі туралы не ойлайсыз?

- Жалғас үш раундта қарсыласын жеңеді деп ойлаймын. Ол кез-келген жағдайда жеңіске жетеді. Оның физикалық жағдайы жақсы деп айта аламын. Соңғы оқу-жаттығу жиынында менің бұған көзім жетті. Оған жанкүйер боламыз.

Еске сала кетелік, Жалғас Жұмағұлов 12 шілдеде Абу-Дабидегі Сарбаздар аралында UFC-де дебютін өткізеді. Оның қарсыласы бразилиялық Раулиан Пайва болатынын да айта кету керек.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер