Басқа

Туристік көпсайыс Алматы облысында қарқынды дамып келеді

Туристік көпсайыс Алматы облысында қарқынды дамып келеді
news-banner7
mobile-news-top

Алматы облысындағы туристік көпсайысшылардың негізгі базасы Текелі қаласында орналасқан. Мұнда балалар мен жасөспірімдердің туристік және өлкетану орталығы жұмыс істейді. 570 бала туристік көпсайыстың 11 түрімен айналысады. Олар қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай отырып, кеңейтілген оқу-жаттығу жиындарын өткізіп тұрады, - деп жазды Prosport.kz тілшісі

Текелілік спортшылар арасында Қазақстан ұлттық құрамасының төрт мүшесі бар. Олар арқан бойы жоғары жылдам өрмелеп, кедергілерді оңай еңсеріп, тәжірибесін арттырып жатыр. Басты мақсат - республикалық біріншілікте жекелей сында топ жарып, әлем чемпионы атану.

Саябек Құмар

Саябек Құмар

САЯБЕК ҚҰМАР, ТУРИСТІК КӨПСАЙЫСТАН СПОРТ ШЕБЕРІНЕ ҮМІТКЕР:

«Маған арқанмен өрмелеу ұнайды. Әсіресе, шынайы жартасқа өрмелегенде керемет әсер аламын. Мен халықаралық дәреждегі спорт шебері атануды армандаймын. Сол арманыма жетемін. Тау туризмі, велотуризм және жаяу туризмнен өтетін жарыстарға тұрақты түрде қатысамын».

Текелілік көпсайысшылар облыс құрамасының денін құрайды. Командалық есепте екі рет Қазақстан чемпионы атанып, ел кубогын иеленді. 13 бала спорт шеберіне үміткер. Соңғы 5 жылда ел біріншіліктеріндеүздік үштіктен түсіп көрген жоқ. Қазір жастар, жасөспірімдер және ерлер құрамасытамызда Павлодарда өтетін Қазақстан біріншілігінің 2-кезеңіне дайындалып жатыр. Бұл жолы да текелілік атлеттер алдыңғы қатардан көрінуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, республикалық жарыстың 1-турында жергілікті атлеттер бірінші орыннан көрінген еді.

ЛАРИСА САРЖЕВСКАЯ

ЛАРИСА САРЖЕВСКАЯ

ЛАРИСА САРЖЕВСКАЯ, ТАУ ТУРИЗМІНЕН ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН НҰСҚАУШЫСЫ:

«Балалар далада жаттығып жатқанына 1 аптадай болды. Бұған дейін 2-3 ай үйде жалпы дене дайындығын өткізген еді. Қазір жастардың спорттық бабы 50 пайызға жетті дей аламын. Спортшылардан қауіпсіздік ережелерін сақтауды қатаң талап етеміз».

Туристік көпсайыс адам денесін шынықтырып қана қоймай, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына септігін тигізеді. Бұл - мамандар пікірі. Сондықтан да болар осы спортпен шыңдалып шыққан өрен жоғары оқу орындарына кедергісіз алынады. Төтенше жағдай қыметіне де жылдам жұмысқа тұрады, дейді нұсқаушылар.

Самат Жаңбырбаев

Самат Жаңбырбаев

САМАТ ЖАҢБЫРБАЕВ, БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТУРИСТІК ЖӘНЕ ӨЛКЕТАНУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

«Қазақстан бойынша 36 орталық бар. Біздің орталық болса, нәтиже бойынша алғашқы үштікте орталасқан. Оқушыларымыз Қазақстан ұлттық құрамасының тізіміне жиі алынады. Егер шет мемлекетте жарыстар ұйымдастырылса, ел құрамасы бапкерінің таңдауы алдымен біздің оқушыларға түсуі мүмкін. Өйткені, былтыр 4 оқушымыз спорт шебері нормативін орындады. Алайда жастары 18-ге толмағандықтан бұл атақ ресми түрде берілмеді».

Қазір жас спортшылар орманды алқапта дайындығын шыңдап жатыр. Келер аптада шынайы жартасқа шығып, тәжірибесін арттыруды көздеп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер