Әлем футболы

«Манчестер Сити» Англия Премьер-лигасында рекорд орнатты

news-banner7
mobile-news-top

«Манчестер Сити» Англия Премьер-лигасы тарихында бес ойыншысы бірдей он голдан асыра соққан команда ретінде тарихта қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қалалықтар» арасында 16 гол соққан аргентиналық шабуылшы Серхио Агуэро көш бастап тұр. Екінші орынды ағылшын шабуылшысы Рахим Стерлинг (13) иеленді, үшінші орынды бельгиялық жартылай қорғаушы Кевин де Брейне және бразилиялық шабуылшы Габриэль Жезус (әрқайсысы 11) бөлісті. Бесінші - алжирлік шабуылшы Рияд Махрез (10).

Соңғы рет бұл рекордты «Эвертон» ойыншылары 1984/85 маусымда жасаған, алайда ол кезде турнир Англия чемпионаты деп аталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер