русский язык
Бокс

Қазақстандық Азия чемпионы кәсіпқой боксқа ауысты

Қазақстандық Азия чемпионы кәсіпқой боксқа ауысты
news-banner7
mobile-news-top

Suleimen Promotions промоутерлік компаниясы бокстан Азия чемпионы Бек Нұрмағанбетпен келісім шартқа отырды.

Боксшы енді кәсіби бокста бағын сынап көрмек. «Біз саған шыдамдылық, шабыт және жеңіске деген сенім тілейміз. Әр жарыстың нәтижесі сені жігерлендіретіндей жеңіске толы болсын. Біздің командамыз сенің чемпион атануың үшін барлығын істейді», - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, Бек Нұрмағанбет былтыр 81 келіге дейінгі салмақта Азия құрлығының ең үздік боксшысы атанған болатын. Ақтық кезеңде ол Филиппин спортшысы Нобель Марвинді ұтқан.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;