Командалық

«Олимп» кәсіпқой регби клубы биыл да Қазақстан чемпионы атанбақ

«Олимп» кәсіпқой регби клубы биыл да Қазақстан чемпионы атанбақ
news-banner7
mobile-news-top

Алматы облысының регби командасы тамыз айында Талдықорғанда жоспарланған Қазақстан біріншілігіне қатысады. Жетісулық жігіттер былтыр ел чемпионатында қарсыластарын түгел жеңіп, жеңімпаз атанды. Ал қыздар құрамасы күміспен күптелді, - деп хабарлайды Prosport.kz тілшісі.

«Олимп» регби ерлер клубының ойыншылары бір ай бойы ашық спорт алаңдарында жаттықты.Негізгінен командалық жүйемен түрлі әдіс-тәсілдерді орындап, шеберліктерін арттырды. Қазір спортшылар карантин ережесіне сай жеке-жеке дайындыққа көшкен. Мақсат айқын. Ел біріншілігінде топ жарып, күз айында болатын Азия чемпионатында жүлдегер атану. Айта кетейік клуб ойыншыларының 80 пайызы ел құрамасын жасақтайды.

Тұратбек Шарапиев

Тұратбек Шарапиев

ТҰРАТБЕК ШАРАПИЕВ, "ОЛИМП" КӘСІПҚОЙ РЕГБИ КЛУБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Былтырғы жылы бізде Азия чемпионатында команда 3ші орын алып,12 адам халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды. Биылғы жылға біздің жоспарымыз карантинге байланысты чемпионат тамызда бастала ма деп отырмыз. Жоспар былтырғыдай нәтижені қайталау. Бірінші орын ұлдар, 2 орын қыздар.


Регбиден «Олимп» әйелдер командасы да Қазақстан чемпионатында үнемі жүлделі орындардан көрінеді. Биыл да ел біріншілігіне тыңғылықты дайындалып жатыр. Қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, тәжірибелерін арттырып жатыр.

ТҰРАТБЕК ШАРАПИЕВ, «ОЛИМП» КӘСІПҚОЙ РЕГБИ КЛУБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Регби-7 деген бар, Регби-10 деген бар. Регби-13, Регби-15 болып бөлінеді. Осы жарыстарда Алматы облысының командасы жүлдегерлер тізімінде. Үздік нәтиже- жақсы дайындық пен тәжірибелі жаттықтырушылардың еңбегінің арқасында келді. Талдықорғанда Қазақстанның ұлдармен қыздар арасындағы чемпионаты өтеді Бүгінгі күнде олар жарысқа дайын.

Клуб басшылығы биыл команданы бірқатар жас ойыншымен толықтырған. Ел біріншілігі өтетін болса, мамандар Алматы облысының регбишілері үмітті ақтап, жүлдегер атанарына толық сенеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер