Әлем футболы

Маусым қайта басталғаннан кейінгі 15 үздік ойыншы анықталды

Маусым қайта басталғаннан кейінгі 15 үздік ойыншы анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Bleacher Report сайты маусым қайта басталғаннан кейінгі ең үздік 15 ойыншының тізімін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл тізімде мюнхендік «Баварияның» шабуылшысы Роберт Левандовски көш бастады. Польшалық футболшы маусым қайта жалғасқаннан кейін 10 ойында 12 гол соғып, «Баварияның» мерзімінен бұрын Германия чемпионы болуына көмектесті, сонымен қатар Германия кубогын жеңіп алды.

Екінші орынға аргентиналық Лионель Месси жайғасты. «Барселона» капитаны 3 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді. Үздік үштікті бельгиялық Кевин Де Брюйне түйіндеді.

Ал португалиялық футболшы Криштиану Роналду 10-орынға жайғасты. «Ювентус» шабуылшысы 7 ойынға қатысып, 5 гол соқты.

Маусым қайта басталғаннан кейінгі 15 үздік ойыншы:

1. Роберт Левандовски («Бавария»)
2. Лионель Месси («Барселона»)
3. Кевин Де Брейне («Манчестер Сити»)
4. Карим Бензема («Реал»)
5. Серхио Рамос («Реал»)
6. Давид Алаба («Бавария»)
7. Бруну Фернандеш («Манчестер Юнайтед»)
8. Кай Хаверц («Байер»)
9. Томас Мюллер («Бавария»)
10. Криштиану Роналду («Ювентус»)
11. Поль Погба («Манчестер Юнайтед»)
12. Пауло Дибала («Ювентус»)
13. Йозуа Киммих («Бавария»)
14. Альфонсо Дэвис («Бавария»)
15. Маркос Льоренте («Атлетико»).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер