Командалық

Көгалдағы хоккейден Алматы облысының құрамасы халықаралық жарысқа дайындалып жатыр

Көгалдағы хоккейден Алматы облысының құрамасы халықаралық жарысқа дайындалып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Көгалдағы хоккейден Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасының денін Алматы облыстық мамандандырылған балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары құрайды. Жерлестеріміз қазір Ресей ашық чемпионатына дайындалып жатыр. Басты мақсат сол халықаралық жарыста жеңімпаз атану. Сонымен қатар ел біріншілігінде үздік шығуды да көздейді, - деп жазды Prosport.kz тілшісі.

Жетісулық спортшылар Талдықорғандағы көгалдағы хоккей стадионында күніне екі рет дайындалады. Карантин ережесін сақтай отырып, шеберліктерін шыңдап жатыр. Ресей ашық біріншілігіне қатысудағы басты мақсат - тәжірибе жинау.

Нұржан Бейбітов

Нұржан Бейбітов

НҰРЖАН БЕЙБІТОВ КӨГАЛДАҒЫ ХОККЕЙДЕН ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

Негізгі дайындық Индорхоккейге назар аударамыз. Өйткені,, қайткенмен әлем чемпионаты. Іріктеу ойындарының өзінде бізге лицензияны жеңіп алу оңай болған жоқ. Әлем чемпионатында Қазақ елінің көк Туын көкте желбірету үшін мықты дайындықпен баруымыз керек. Дайындық кезеңдері ойдағыдай жүріп жатыр. Хоккейшілердің спорттық дайындығынан бөлек, психологиялық дайындығы өте жақсы.

Қазақстан ұлттық әйелдер және ерлер құрамасы былтыр индорхоккейден яғни көгалдағы хоккейдің жабық кешенде ойналатын түрінен Тайландтағы лицензиялық турнирде жүлдегер атанды. Әлем біріншілігіне жолдама алды. Халықаралық дода келер жылы Бельгияда ұйымдастырылмақ. Жерлестеріміздің алдына қойылған талап - байрақты бәсекеде лайықты өнер көрсетіп, үздік үштіктен көріну. Жоспарды орындауға мүмкіндігіміз жетеді дейді, - спортшылар.

САБИНА НУРСИЛАНОВА

САБИНА НУРСИЛАНОВА

САБИНА НУРСИЛАНОВА, КӨГАЛДАҒЫ ХОККЕЙДЕН ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мен 6 жалдан бері көгалдағы хоккеймен айналысам. Қазір жасым 21де. Спорт шебері атандым. Қазір күніне екі уақыт жаттығып жатырмыз. Таңертең ет қыздырып, жалпы дене дайындығын күшейтеміз. Кешке техникалық шеберлігімізді шыңдап, тактикалық ойын жүйесін артыруға жұмыс істейміз

Бапкерлердің айтуынша, қазір спортшылардың дайындық деңгейі 70 пайызға жеткен. Күзге дейін нағыз бабына келеді екен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер