Басқа

Кір көтеру спортынан 6 мәрте әлем чемпионы Талдықорғанда дайындалуда

Кір көтеру спортынан 6 мәрте әлем чемпионы Талдықорғанда дайындалуда
news-banner7
mobile-news-top

Кір тасын көтеруден әлемнің 6 дүркін чемпионы Жұмахан Күзбаев күз айларының бірінде жоспарланған әлем чемпионатына дайындықты бастап кетті. Жаттығу кезеңі Талдықорғанда өтіп жатыр. Ардагерлер арасында екі рет әлем рекордын орнатқан зілтемірші карантин кезінде тәртіпке бағыну әр адамның міндеті,- деп санайды. Зілтеміршімен prosport.kz тілшісі кездесіп қайтты.

Жұмахан Күзбаев Алматы облысында дүниеге келген. Жасы 62 де. Әйтсе де, кір тасын ұршықша иіреді. Ардагер спортшы аптасына 3 рет екі уақыттан дайындалып жатыр. Мақсаты карантин кезінде бос жатпай, шеберлігін шыңдап, біліктілігін арттыру. Айта кетейік Жұмахан аға 85 кг. салмақта 2016-шы жылы Ресейде өткен әлем біріншілігінде 1 сағатта 24 келі кір тасын 1300 рет көтеріп әлем рекордын орнатты. Артынша салмағы 32 келі тартқан зіл батпанды 1 минутта 50 рет еңсерген алғашқы ардагер спортшы атанды. Әзірге оның бұл нәтижесін дүниежүзінде қайталаған жан жоқ.

Жұмахан Күзбаев

Жұмахан Күзбаев

Кір көтеру спортының бірнеше түрі болады. Мен солардың ішіндегі ұзартылған түрі бойынша 2018-ші жылы Латвияның Даугавпилс қаласында әлем чемпионатына қатыстым. Ол жерде екі 16кг тартатын кір тастын 10 минутта 107 рет көтеріп, дүниежүзінің жеңімпазы атанған едім.- дейді



ЖҰМАХАН КҮЗБАЕВ АРАДГЕРЛЕР АРАСЫНДА КІР КӨТЕРУ СПОРТЫНАН 6 МӘРТЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

Жұмахан Күзбаев биыл көктемде Петропавл қаласында Қазақстан чемпионатына қатысуды жоспарлаған. Онан соң Оңтүстік Кореяда жалауы желбірейтін әлем чемпионатында ел намысын қорғамақ болған. Алдайда, қауіпті індетке байланысты бұл жарыстар кейінге қалды. Дегенменде жаттығу жасау спортшы үшін аса маңызды,- дейді өз ісінің шебері.

Қазір кір тасынын серпекөтеру, жұлқа көтеру және ұзартылған түрінен жаттығу жасап жатырмын карантин бітіп, індет сеілген жағдайда жарыстарға қатысу жоспарымда бар. Қазағымыздың Туын көкке көтеріп, Гимнін ойнатып қайтсам ба деймін, дейді -

ЖҰМАХАН КҮЗБАЕВ КІР КӨТЕРУ СПОРТЫНАН 6 МӘРТЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

Жұмахан Күзбаев онлайн жүйесі арқылы шеберлік сабағын өткізуді де жоспарлап қойыпты. Сонымен қатар ізбасар дайындауды да мақсат етіп отыр. Ол жаттығудың алғашқы кезеңін Талдықорған қаласында өткізеді. Артынша Алматы қаласының жанындағы Алатау баурайына барып, күш қарымын шыңдауды жоспарлап отыр

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер