Жеңіл атлетика

Францияда өтетін халықаралық марафон кейінге қалдырылды

Францияда өтетін халықаралық марафон кейінге қалдырылды
news-banner7
mobile-news-top

Парижде өтетін әлемдегі ең ірі марафондардың бірі кейінге шегерілді.

Аталған марафон әуелі 5 сәуір күні өтеді деп жоспарланған болатын. Одан кейін 18 қазанға ауыстырылған еді. Марафон ұйымдастырушылары енді жарыстың өтетін уақытын 15 қарашаға шегерді.

«Марафонды жоғары дәрежеде әрі қауіпсіз өткізу мақсатында Париж қаласының әкімдігімен ақылдасып, оны кейінге қалдыру туралы шешім қабылдадық. Әлемдегі жағдайды жіті бақылап, қазіргі таңда серіктестік орнатқан денсаулық сақтау ұйымдары мен мемлекеттік қызметтің кеңестеріне жүгініп отырамыз», делінген мәлімдемеде.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер