Басқа

Қазақстандық әлем чемпионы Сочидегі «Формула-1» кезеңіне шақырту алды

Қазақстандық әлем чемпионы Сочидегі «Формула-1» кезеңіне шақырту алды
news-banner7
mobile-news-top

Ресейдің Сочи қаласындағы бокс федерациясының басшысы Илья Варов қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипованы Сочи қаласындағы «Формула-1» әлем чемпионатының Гран-приіне шақырды.

- Бокстан екі дүркін Қазақстан чемпионы Фируза Шарипова ресейлік «Формула-1» жүргізушісі Даниил Квятаны бірлескен жаттығуға шақырғаннан кейін, Сочи бокс федерациясы президенті Илья Варовтың атынан Фуруза Шарипованы Сочидегі Формула-1 Гран-приіне шақыруға шешім қабылдады. Даниил Квятпен кездесу ұйымдастыруға, сондай-ақ бірлескен жаттығу өткізуге болады деп хабарлады ұйым.

Естеріңізге сала кетейік, Шарипова Даниил Квяттың бокс жаттығуын жоғары бағалап, бокста үлкен нәтижелерге қол жеткізетінін айтқан болатын. Сонымен қатар ол жүргізушімен жолдастық жаттығу өткізуге қуанышты болатынын айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер