Қысқы

«Денис Теннің мемориалы» халықаралық жарысының өтетін уақыты белгілі болды

«Денис Теннің мемориалы» халықаралық жарысының өтетін уақыты белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Мәнерлеп сырғанаудан 2020-2021 жылғы маусымға арналған жарыстар күнтізбесі жарияланды.

Жаңартылған күнтізбеде шағын жарыстар мен қатар, наурыз айына жоспарланған әлем чемпионаты да енген. Жарыс кестесі бойынша мәнерлеп сырғанаудан «Денис Теннің мемориалы» атты халықаралық дода 29 қазан мен 1 қараша аралығына жоспарланған. Аталған жарыс Алматы қаласында ұйымдастырылады. Ал әлем біріншілігі Швецияның Стокгольм қаласын 22-28 наурыз күндері болады делінген. Алдыңғы әлем чемпионаты коронавирус пандемиясына байланысты өткізілмеген болатын. Жарыс кестесіне сай ол 2020 жылдың 16-22 наурызы аралығында Канаданың Монреал қаласында өтуі тиіс еді.

Айта кетерлігі, жарыстар кестесі әлемде болып жатқан коронавирус пандемиясына байланысты өзгеруі мүмкін.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер