Әлем футболы

«Реал» биыл жазда ойыншы сатып алмайды

«Реал» биыл жазда ойыншы сатып алмайды
news-banner7
mobile-news-top

«Реал Мадрид» футбол клубы биыл жазда жаңа ойыншы сатып алмайды, деп жазады Prosports.kz.

Шетелдік басылымдардың хабарлауынша, коронавирус «королдік клубтың» қаржылық жағдайына айтарлықтай шығын келтірген. Сол үшін клуб биыл жазда жаңа ойыншы сатып алмайды. Қайта бірнеше футболшыны сатып, 200 млн еуро көлемінде қаржы топтауды жоспарлап отыр.

Мадридтік клуб бұл бағытта алғашқы қадамды жасап та үлгерді. Жақында ғана мароккалық қорғаушы Ашраф Хакимиді «Интерге» 40 миллион еуроға сатты. Алдағы уақытта Гарет Бейл, Хамес Родригес сынды ойыншыларды трансферге шығаруды жоспарлап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер