Әлем футболы

Франция құрамасының бұрынғы бапкері «Валенсияны» баптайды

Франция құрамасының бұрынғы бапкері «Валенсияны» баптайды
news-banner7
mobile-news-top

Франция ұлттық құрамасының және ПСЖ футбол клубының бұрынғы бас бапкері Лоран Блан «Валенсияның» тізгінін ұстауы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Шетелдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, 54 жастағы маман испаниялық клубтың бас бапкері қызметіне басты үміткер. Бұған себеп Блан испан тілін жақсы біледі.

Бұдан бөлек «Валенсияның» басшылығы Марку Силва мен Кике Санчес Флорестің де кандидатурасын қарастырып жатқан көрінеді.

Айта кетейік, «Валенсия» 34 матчта 47 ұпай жинап, турнирлік кетседе тоғызыншы сатыда тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер