Жеңіл атлетика

Спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңіне өзгеріс енгізілді

Спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңіне өзгеріс енгізілді
news-banner7
mobile-news-top

Коронавирус пандемиясының кесірінен Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындары кейінге шегерілгендіктен спорт түрлерінен жарыс кестелеріне өзгерістер енгізілді.

Осыған орай, халықаралық гимнастика федерациясы 2020 жылға жоспарланған әлем кубогының кезеңдерінің кестесін қарап шықты. Нәтижесінде, спорттық гимнастикадан жеке снарядтағы жаттығу бойынша әлем кубогының кезеңі жаңартылды.

Атап айтқанда, Дохада 18-21 наурызда өтуі тиіс дода биылдың 3-6 маусымына шегерілген болатын. Жаңартылған күнтізбеге сәйкес Катар астанасы аталған жарысты 2021 жылдың 10-13 наурыз күндері өткізетін болды.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер