Жеңіл атлетика

Коронавирустың кесірінен Париж марафоны 15 қарашаға ауыстырылды

Коронавирустың кесірінен Париж марафоны 15 қарашаға ауыстырылды
news-banner7
mobile-news-top

Париж марафонының ұйымдастырушылары коронавирусқа қатысты жағдайға байланысты жарысты 15 қарашаға шегеруге шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бастапқыда марафон 5 сәуірде өткізілуі керек еді, содан кейін ол 18 қазанға ауыстырылды.

«Париж марафонын жақсы жағдайда өткізе алу үшін, мэриямен және Париж полициясының префектурасымен кеңескеннен кейін, біз іс-шараның өтетін күнін кейінге шегеруді ұйғардық. Париж марафонының жаңа күні - 2020 жылдың 15 қарашасы. Әрине, біз не болып жатқанын ескеріп, денсаулық сақтау органдарының және мемлекеттік қызметтердің нұсқауларын қатаң сақтаймыз », - делінген марафонды ұйымдастырушылардың сайтында.

Бұған дейін коронавирусқа байланысты Нью-Йорк, Бостон, Дублин, Берлин және Рим марафондары өтпей қалған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер