Билек: Команда құрамын күшейте түсуіміз керек

Билек: Команда құрамын күшейте түсуіміз керек
news-banner7
mobile-news-top

«Астананың» бас бапкері Михал Билек Сетанта Qazaqstan-ға берген сұхбатында клубтың жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол команда Чемпиондар лигасы немесе Еуропа лигасы тобына шығуды жоспарлап отырғанын айтты.

«Менің ойымша, біз еурокубоктардың топтық кезеңіне шығу үшін команда қатарын күшейте түсуіміз керек. Ойыншылардың Қазақстан чемпионатына да, еуропалық жарыстарға да жақсы дайындалуы үшін біз бәрін жасаймыз. Біз еурокубокта сәтті ойнап, чемпиондықты жеңгіміз келеді. Жоспардарымыздың жеңіл орындалуы үшін 2-3 жаңа ойыншымен толығуымыз керек», - деді Билек.

Еске салайық, 2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты Чемпиондар Лигасы мен ЛЕ іріктеуі екі емес, бір матч форматында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер