Басқа

Руслан Жапаров: Елбасының сөзі тек Олимпиада емес, басқа жарыстардың алдында да қуат береді

Руслан Жапаров: Елбасының сөзі тек Олимпиада емес, басқа жарыстардың алдында да қуат береді
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 6 шілде, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 80 жылдық мерейтойын тойлауда. Айтулы датаға сәйкес, отандық спортшылар Елбасымен байланысты сәттерін есіне алып, естеліктер легін жалғастыруда.

2016 жылғы Рио Олимпиадасының Ту ұстаушысы таеквондошы Руслан Жапаров Елбасыдан туды қалай қабыл алғанын айтып берді.

«Елбасымен алғашқы кездесуіміз есімде. Тұңғыш Президенттің қабылдауында болдық та, бәріміз дөңгелек үстелге жайғастық. Сендерді 17 млн халық теледидардан көріп, жанкүйер болады. Осыны ұмытпаңдар» деді. Осы сөзі әлі күнге дейін есімде. Тек қана Олимпиадада емес, барлық жарысқа барғанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы сөзі есіме түседі.

Кездесу соңында Туды қолыма тапсырып, Олимпиада стадионында басымды тік көтеріп, еліміздің туын алып шығуды тапсырды», - дейді Руслан Жапаров.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер