Әлем футболы

Бартомеу: Месси мансабын «Барселонада» аяқтағысы келеді

Бартомеу: Месси мансабын «Барселонада» аяқтағысы келеді
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» футбол клубының президенті Жозеп Бартомеу шабуылшы Лионель Мессимен келісімшарт мерзімі ұзартылатынын айтты, деп жазады Prosports.kz.

Испаниялық Movistar сайтына сұхбат берген Бартомеу осылай деп мәлімдеді.

«Мен келіссөздер туралы [жаңа келісімшарт туралы] егжей-тегжейлі айтпаймын. Бірақ ол мансабын «Барсада» аяқтағысы келетінін бірнеше рет айтқан болатын.

Қазір біз маусымның нәтижелеріне баса назар аударып отырмыз, көптеген ойыншылармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Месси «Барсада» ойнауды жалғастырып, мансабын осы жерде аяқтағысы келеді», - деді Бартомеу.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер