Әлем футболы

«Зенит» Ресей Премьер-лигасының рекордын тіркеді

«Зенит» Ресей Премьер-лигасының рекордын тіркеді
news-banner7
mobile-news-top

«Зенит» Ресей Премьер-лигасы тарихында ең жылдам чемпион болған клуб атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Петерборлық команда екінші орындағы «Локомотивтен» 13 ұпайға озып, маусымның бітуіне төрт тур қалғанда чемпион атанған.

Клуб осылайша РПЛ тарихында ең жылдам чемпион атанды. Оған дейін чемпионаттың бітуіне төрт тур қалғанда тек «Спартак» қана чемпион болып көрген. Ол өткен ғасырда тіркелген, сол кезде турнирдің атауы да бөлек болатын.

Қазір ойнатылып жүрген Ресей Премьер-лигасы 2001 жылы құрылған болатын.

Айта кетейік, «Зенит» тарихында алтыншы рет Ресей чемпионатында топ жарды.

«Зенит» - Ресейдің алты дүркін чемпионы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер