Бокс

Ресейлік боксшы допингпен ұсталып, титулынан айырылды

Ресейлік боксшы допингпен ұсталып, титулынан айырылды
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік боксшы Александр Беспутин (14-0, 9 КО) қанынан допинг табылған соң жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан айырылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Отандасы Раджаб Бутаевты (12-1, 9 КО) жеңгеннен кейін Беспутин тапсырған допинг сынамадан тыйым салынған лигандрол препараты табылған. Нәтижесінде ол WBA тұжырымы бойынша «тұрақты» чемпион белбеуінен айырылды.

Енді бұл белбеу үшін кубалық Йорденис Угас (25-4, 12 КО) пен америкалық Абель Рамос (23-3-2, 20 КО) жұдырықтасады.

Еске салайық, әуесқой бокста Беспутин қазақстандық Айдар Шәрібаев пен Мерей Ақшаловты жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер