Әлем футболы

«Зенит» - Ресейдің алты дүркін чемпионы

«Зенит» - Ресейдің алты дүркін чемпионы
news-banner7
mobile-news-top

«Зенит» футболдан Ресей чемпионы атанды. Команда қатарынан екінші және тарихында алтыншы мәрте топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

«Зенит» РПЛ-дың 26-турында «Краснодарды» жеңді. Краснодарда өткен кездесуде қонақтар 4:2 есебімен басым түсті. Петерборлық команда сапында Сердар Азмун дубль жасаса, Артем Дзюба мен Алексей Сутормин бір голдан соқты. Ал алаң иелері қатарында Даниил Уткин екі голдың авторы атанды.

Осылайша, чемпионаттың бітуіне төрт тур қалғанда «Зенит» 62 ұпай жинады. Ал екінші орындағы «Локомотивте» 49 ұпай бар.

«Крылья Советов» - «Ростов» матчында гол соғылған жоқ

Бахтияровтың командасы «Локомотивпен» тең тарқасты

«Оренбург» сырт алаңда «Рубинге» есе жіберді. Қуат матчқа қатысқан жоқ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер