Теннис

Қарағанды облысында жаңадан үстел теннисі орталығы ашылды

Қарағанды облысында жаңадан үстел теннисі орталығы ашылды
news-banner7
mobile-news-top

Үстел теннисі федерациясының жұмысының негізгі бөлігі – салауатты өмір салтын насихаттай отырып, ауыл-аймақта, өңірлерде үстел теннисі спортын қолжетімді ету.

Сонымен қатар, бұқаралық спортты дамытып, теннисшілердің шеберліктерін шыңдау болып табылады. Сондай-ақ, республикалық федерация үстен теннисінен тек қана жарыстарды ұйымдастырып қана қоймай, заман талабына сай спорт нысандарын ашуды арқылы елімізде осы спорт түрін дамытуда. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында жақында ғана жаңадан үстел теннисі орталығы ашылды. Онда БЖСМ-нің 40 спортшысы шеберліктерін шыңдай алады.

Қарқаралықтар (жаттықтырушы Әлия Әмірханова) соңғы уақытта облыстық және республикалық додаларда көш бастап жүр. Ал 11 жасар Юрана Ибраева үнемі үздіктер қатарынан көрінуде. Сонымен қатар, оқушылар арасында 12 жасар Ескендір Мақатай мен Зейнұр Қанатұлы Қарағанды облысының құрама командасының намысын абыроймен қорғап жүр.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер