Теннис

Калоян Петков: Ел чемпионаты 2 айда аяқталады

Калоян Петков: Ел чемпионаты 2 айда аяқталады
news-banner7
mobile-news-top

«БИІК-Қазығұрт» командасының бас бапкері Калоян Петков Prosports.kz сайтына әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты қашан басталатынын айтты.

– Қазақстандық футболшыларымыз Шымкенттегі базада ел чемпионатына дайындалып жатыр. Қазір ол жерде 14 адам бар. Шетелдік футболшылар, оның ішінде мен де өз еліміздеміз. Әзірге шекараның ашылуын күті отырмыз.

Команданың легионерлері шетелдік маман ретінде жұмыс істейміз. Сол себепті шекара жабық болғандықтан Қазақстанға келе алмаймыз. Еуродода қарсаңында шенеуіктерден елге келуімізді сұраймыз. Біздің дәл қазіргі басты мақсатымыз – барлық қызды Шымкентке жинау.

– Қазақстан чемпионаты қашан басталатыны және қандай форматта өтетіні белгілі ме?

– Биыл чемпионатқа 6 команда қатысады. Ел біріншілігі 1 шілдеде басталады деп жоспарланған. Алайда тамыздың басына дейін шегерді. Турнир қандай форматта өтетіні де белгісіз. Күзде коронавирустың екінші толқыны қаупі болғандықтан чемпионатты 2 айда аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер