ММА

Шавкат Рахмоновтың орнына неміс спортшысы шығады

Шавкат Рахмоновтың орнына неміс спортшысы шығады
news-banner7
mobile-news-top

UFC ұйымы «Сарбаздар аралында» қазақстандық Шавкат Рахмоновтың орнына басқа спортшыны тапты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Еліміздің ең үздік файтерлерінің бірі жарақат алуына байланысты UFC Fight Night 174 турниріне қатыспайтын болды. Шавкат Рахмонов UFC-дегі дебютінде ресейлік Рамазан Эмеевке қарсы жұдырықтасуы қажет еді.

UFC Шавкат Рахмоновтың орнына жекпе-жекке неміс спортшысы Никлас Штольцтің шығатынын растады. Неміс спортшысы масанбында 12 жекпе-жегінде жеңіске жетсе, үш қарсыласына есе жіберген.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов - американлық атақты промоушенмен келісімшартқа отырған алғашқы қазақстандық файтер. Ол бұған дейін 11 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Естеріңізге сала кетейік, «Сарбаздар аралындағы» алғашқы турнир 11 шілдеде Абу-Дабидегі (БАӘ) Яс аралында өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта UFC чемпионы Камару Усман мен Гилберто Бернс жұдырықтасады.

Бұл кеште қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі дебюттік кездесуін өткізеді. Жерлесіміздің атақты промоушен туы астындағы алғашқы қарсыласы - бразилиялық Раулиан Пайва.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер