Әлем футболы

ПСЖ Неймарды «Барселонаға» жіберуге келісімін берді

ПСЖ Неймарды «Барселонаға» жіберуге келісімін берді
news-banner7
mobile-news-top

ПСЖ шабуылшысы Неймар сатып алу жөнінде «Барселонадан» тағы да ұсыныс түссе келісімін береді.

Бұған футболшының өзі себеп болған. Неймар клуб басшылығымен өзін «Барселонаға» жіберу туралы келіскен.

Дегенмен Неймар жыл соңында дейін париждік командада жыл соңына дейін ойнайды. Ал маусым аяқталған соң каталондық командаға ауысуы мүмкін.

Егер «Барселона» футболшы сатып алғысы келсе, онда ол бірқатар ойыншылармен қоштасады, өйткені коронавирус пандемиясынан туындаған қаржылық проблемаларға байланысты клубта шабуылшы сатып алуға қаражат жетпейді. Сонымен қатар, Неймар Каталония клубында ПСЖ-ге қарағанда әлдеқайда аз пайда табады. Футболшы бұған да көніп отыр.

Айта кетейік, Неймар биылғы маусымда Франция чемпионатында 24 матч өткізіп, 18 гол соқты.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер