Әлем футболы

Клопп: Чемпиондар лигасында «Бавария» мен «Манчестер Ситидің» бірі топ жарады

Клопп: Чемпиондар лигасында «Бавария» мен «Манчестер Ситидің» бірі топ жарады
news-banner7
mobile-news-top

«Ливерпуль» футбол клубының бас бапкері Юрген Клопп Чемпиондар лигасын биыл қай команда жеңіп алатынын айтты, деп жазады Prosports.kz.

- Менің ойымша, Чемпиондар лигасын жеңіп алудан басты үміткер «Бавария» мен «Манчестер Сити». Бас бапкерін ауыстырғанан кейін «Бавария» керемет өнер көрсетіп жүр, ал «Манчестер Ситидің» құрамы қандай мықты екенін бәріміз білеміз.

Чемпиондар лигасын жеңіп алу үшін белгілі мөлшерде сәттілік керек. Әлемде мінсіз команда жоқ, «Бавария» мен «Манчестер Сити» де, біз де мінсіз емеспіз. Бірақ Чемпиондар лигасын жеңу үшін маңызды сәтте мінсіз жұмыс істеуің керек, - дейді Клопп.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер