«Астана» директоры Диас Омаровтың жақындарына көңіл айтты

«Астана» директоры Диас Омаровтың жақындарына көңіл айтты
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін танымал журналист, комментатор Диас Ілиясұлы Омаров 80 жасында өмірден өтті, деп жазады Prosports.kz.

«Астана» футбол клубының бас директоры Михаил Гурман қайғылы хабарға байланысты көңіл айтты.

«Бұл - Қазақстан спорты үшін үлкен жоғалту. Диас Ілиясұлы шын мәнінде біздің журналистиканың шебері болды. Біздің спортшылар мен журналистердің барлығы оның теледидардағы дауысын естіп өсті. Ол кәсібилік пен еңбекқорлықтың нағыз бейнесі еді! Осы жылдың қазан айында Омаров мерейтойын атап өтуі керек еді, бірақ тағдыр басқаша шешілді! Футбол клубы атынан Диас Ілиясұлының барлық туыстарына және бүкіл спорт жанашырларына көңіл айтамын! Қайғыларыңызбен ортақпыз», - деді Гурман.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер