Бокс

Головкин қарқынды жаттығуды бастады. Фото, видео

Головкин қарқынды жаттығуды бастады. Фото, видео
news-banner7
mobile-news-top

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин жаттығу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстандық боксшы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында жаңа жаттығу лагерінде өткізген жаттығу барысынан видео және фото жариялады.

Айта кетейік, Головкин көктемде IBF нұсқасы бойынша міндетті қарсыласы Камил Шереметамен жекпе-жек өткізуі керек еді. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты кездесу кейінге қалған.

Бұл кездесу биыл тамыз-қыркүйек айларында өтуі мүмкін. Бұған дейін промоутер Эдди Херн Головкин - Шеремета жекпе-жегінің тамыз айында өтуі мүмкін екенін мәлімдеген.

Головкин үшін тағы бір нұсқа - Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жекті ұйымдастыру. Бұл нұсқа да қызу талқыланып жатыр. Бірақ «Канело» тарапы Головкинмен жекпе-жекті жанкүйерсіз өткізбейміз деп шарт қойып отыр.

Құрдастарының арасында Головкиннің шоқтығы биік

Шеремета Головкинмен жекпе-жегін көрерменсіз өткізуге дайын екенін айтты

2020 жылғы ТОП-5 жекпе-жек: Тізімде GGG - «Канело» трилогиясы да бар

Головкин - Альварес жекпе-жегі екінші орта салмақта өтуі мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер